БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Тегеран саммитінің қорытындыларын талқылайды

Жиналыс өткізуді Ресей ұсынды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Тегеран саммитінің қорытындыларын талқылайды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирияның Идлиб аймағындағы оқиғалар және Түркия, Ресей және Иран басшыларының Тегерандағы саммитінің қорытындыларын талқылау мақсатымен бас қосады.

БҰҰ-дағы дипломатиялық қайнар көздерінің мәліметіне қарағанда,  Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Идлибтегі соңғы жағдайды түсіндіру мақсатымен жиналыс өткізілуін талап етті.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін жергілікті уақытпен сағат 11-де бас қосады.

БҰҰ-ға қарағанда,  Сирияда әкімшілік пен Ресейдің әуеден шабуылдары және артқан қақтығыстар салдарынан соңғы бір аптада 30 мыңнан астам адам елдерінен көшті және көптеген адам қаза тапты.

Сирияның солтүстік батысында әскери оппозиция мен әкімшілікке қарсы қарулы топтардың бақылауындағы Идлиб және төңірегіндегі өңірлер Астана процесі барысында «қақтығысты бәсеңдету аймағы» деп жарияланғанына қарамастан Асад әкімшілігі мен Ресей әуеден бомбалауын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар