АҚШ-та соңғы 20  жылда болмаған дауыл

«Флоренс» соңғы 20 жылдағы ең сұрапыл дауыл болуы мүмкін деген қауіп бар.

АҚШ-та соңғы 20  жылда болмаған дауыл

Америка Құрама Штаттарының Оңтүстік және Солтүстік Каролинаға «Флоренс» атты алапат дауыл жақындап келеді. «Флоренс» соңғы 20 жылдағы ең сұрапыл дауыл болуы мүмкін деген қауіп бар.

АҚШ Ұлттық дауыл орталығы «Флоренс» атты алапат дауылдың қарқыны сағатта 225 километр екенін хабарлады. Қауіпті аймақта төтенше жағдай жарияланып, 187 мил қашықтықтағы жағалау аймағында эвакуация жүргізіліп жатыр.

Дауылдың күші бес балдық шкала бойынша төрт балмен бағалануда.

АҚШ президенті Дональд Трамп Твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде америкалықтарды жақындап келе жатқан дауыл жөнінде ескерту жасады.


Этикеттер: дауыл , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар