Израиль мен Палестина арасында атыс тоқтатылды

Атысты тоқтату жергілікті сағат бойынша 22.45-те іске қосылды.

Израиль мен Палестина арасында атыс тоқтатылды

Атысты тоқтату жергілікті сағат бойынша 22.45-те іске қосылды.

Осылайша соңғы екі айда Мысырдың дәнекерлігінде Израиль мен Палестина топтары арасында бесінші рет атысты тоқтату келісімі жасалды.

Израильдің  Yedioth Ahronoth газетінің израильдік қайнар көздеріне негізделе отырып жариялаған хабарында болса, түн тыныш өткен жағдайда Израильдің де әрекет жасамайтынын, керісінше зымыран атылған жағдайда тойтарыс берілетіні білдірілді.

Алдыңғы күні Израиль ұшақтары түннің ортасында Газаға әуе шабуыл ұйымдастырды. Шабуылда бір әйел мен оның құшағындағы бір сәби көз жұмған және бір адам жарақат алған.

Осы оқиғаға орай Газадағы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемешісі Ешраф әл-Кудра жасаған жазбаша мәлімдемесінде Израильдің Газаның орталық бөлімінде орын алған Әл-Джаферави аймағына ұйымдастырылған әуе шабуылында Инас Мұхаммед Ихмаш атты екі қабат әйел мен оның құшағындағы Беян атты бір сәбидің қаза тапқанын, күйеуі Мұхамедтің болса жарақат алғанын хабарлаған болатын.

 


Этикеттер: Палестина , Израиль

Ұқсас жаңалықтар