Африндегі екі бульварға Ердоған мен Зәйтүн бұтағы есімдері қойылды

Сирияның Африн ауданында кейбір бульварларға «Режеп Тайып Ердоған» және «Зәйтүн бұтағы» сияқты есімдер берілді.

Африндегі екі бульварға Ердоған мен Зәйтүн бұтағы есімдері қойылды

Сирияда Түрік қарулы күштері және Еркін Сирия армиясының террордан тазалаған Африн ауданында кейбір бульварларға «Режеп Тайып Ердоған» және «Зәйтүн бұтағы» сияқты есімдер берілді.

Африн Жергілікті Мәжілісіндегі 3 бульвардың есімдері өзгертілді.

Демирджи Кава Бульварына «Зәйтүн бұтағы», Наурыз бульварына «Салахуддин ал-Аюби» және Үкімет Бульварына «Режеп Тайып Ердоған» есімдері берілді.

Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясының 18 наурыз күні террористермен тазалаған Афринде күшейту жұмыстары да үздіксіз жалғасуда.

Мамандар тобы азаматтық тұрмысқа мән бергені үшін алдымен террор ұйымы тарапынан егістік алаңдар мен жолға орналастырылған миналар мен жарылғыштарды жоюда.

Түрік қарулы күштері жол құрылыстары, үйінділерді тазалау, қоршаған ортаны реттеу сияқты жұмыстарға қоса бейбіт адамдарға денсаулық қызметі беруде.



Ұқсас жаңалықтар