Жапония мен Қытай арасындағы дағдарыс

Жапония мен Қытай арасында дау-дамайы соңғы кезеңде дамыған қарым-қатынастарда тағы күн тәртіпке келді.

Taro Kano-Vang Yi.jpg

Жапония мен Қытай арасында Шығыс Қытай теңізіндегі егемендік дау-дамайы соңғы кезеңде дамыған қарым-қатынастарда тағы күн тәртіпке келді.

Жапон хабар агенттігі Kyodo-ның хабарына қарағанда келіспеушілік Жапония сыртқы істер министрі Таро Каноның Қытай сыртқы істер министрі Вань Имен Сингапурда ұйымдастырылған 51-ші Оңтүстiк-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (ASEAN) Сыртқы істер министрлері жиналысында өткізілген кездесу барысында күн тәртіпке келді.

Кано Шығыс Қытай теңізіндегі дау-дамай шешілмеген жағдайда «Екі ел қарым-қатынастарының дамуының қалыпқа түспейтінін» айтты.

Баршаға аян өткен жылдарда Қытайдың 3 күзет кемесі Шығыс Қытай теңізіндегі даулы Сенкаку аралының аймағына тағы кірген еді. Жапония шекарашылары оларға ескерту жасап, аумақтан шығуды талап еткенмен, нақты іс-әрекет қолданбаған. Жалпы екі ел арасындағы Сенкаку аралына қатысты дау былтыр өршіді. Себебі Жапония аралды жеке қожайындарынан сатып алғанын жариялаған еді. Мұны естіген Қытай халқы жаппай өре түрегеліп, елде бүлік шығарған болатын. Соңғы айларда Қытайдың күзет кемелері арал маңын айналшықтап, кейде аумағына да кіріп жүр.


Этикеттер: Қытай , Жапония

Ұқсас жаңалықтар