Жапониядағы аптап ыстық жан алуда

Жапонияда осы айдың басынан  бері жалғасқан аптап ыстыққа шыдамай 25 адам көз жұмды.

Жапониядағы аптап ыстық жан алуда

Жапонияда осы айдың басынан  бері жалғасқан аптап ыстыққа шыдамай 25 адам көз жұмды.

Жапонияның астанасы Токионың солтүстігіндегі Кугаяма қаласында 41,1 градусқа дейін көтерілді. Бұл - елде жыл басынан бері тіркеліп отырған ең жоғары температура. Бұл мемлекет тарихындағы ең ынтық градус ретінде тіркелді.

Жапонияда осы айдың басынан бері жалғасқан аптап ыстық салдарынан көптеген адам ауруханаға жатқызылды.

Жапонияда осы апта аяғында шыжыған күн кесірінен 11 адам қаза тапты. Токиода сенбі күні жедел құтқару көліктері бір күн ішінде 3 мың 99 әрекет жасап, рекорд жаратты.

Елдің батысы бұрын-соңды болмаған аптап ыстыққа куә болып отыр. Оның салдарынан бірнеше мың адам медициналық көмекке жүгінген. Мемлекетте осы айдың басынан  бері жалғасқан аптап ыстыққа шыдамай 25 адам көз жұмды.

Осы барыста шыжыған ыстық Оңтүстік Кореяға да ықпал тигізе бастады.



Ұқсас жаңалықтар