Трамп пен Путин Хельсинкиде бас қосты

Басшылар Мәскеу-Вашингтон ынтымақтастығын салқын соғысқа жақындатқан мәселелерді бетпе-бет қолға алуда.

Трамп пен Путин Хельсинкиде бас қосты

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин көптен күткен кездесу үшін Финляндияның Хельсинки қаласын таңдады.

Президенттік сарайда бас қосқан екі басшы Мәскеу-Вашингтон ынтымақтастығын салқын соғысқа жақындатқан мәселелерді алғаш рет бетпе-бет жан-жақты қолға алуда.

Басшылар оңаша кездесудің артынан камералар баспасөз жиналысы өткізді. Трамп саммитпен байланысты «Жақсы нәрселер болады, жаман нәрселер емес» деді.

Тарихи саммиттің күн тәртібі өте тығыз Екі ел арасында дағдарысқа айналған ынтымақтастық, экономикалық эмбарголар, Сирия дағдарысы, АҚШ-тағы президенттік сайлауға Ресейдің араласқаны қауесеттеріне қоса көптеген маңызды мәселе күн тәртібінде.

Трамп президент болып сайланған 2016 жылдан бері Путинмен өткізілуі жоспарланған саммит екі жақты дағдарыстарға орай кейінге қалдырылатын.

Трамп твиттер парақшасынан азанда жасаған мәлімдемесінде Ресеймен сәтсіз болған қазіргі қарым-қатынастарға алдынғы әкімшіліктердің жауапты екенін жазды.



Ұқсас жаңалықтар