Марадонадан Палестинаға қолдау

Атақты футболист Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббаспен бас қосты.

Марадонадан Палестинаға қолдау

Атақты футболист Диего Марадона кеше Мәскеуде Әлем чемпионатының ақтық матчын тамашалаған Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббаспен бас қосты.

Кездесуде Марадона Аббасқа «Жүректен Палестиналықпын» деп, Палестинаны қолдайтынын білдірді.

Инстаграмда Аббаспен құшақтасқан суретін жариялаған атақты футболист «Бұл адам Палестинада бейбітшілікті қалайды.  Аббастың бір елі бар және бұған құқығы бар» деп жазды.

Аббас та Марадонаға бір картина сыйлады.

Атақты футболист бұдан бұрын да Палестинаға қолдауын білдірген болатын. Ол 2012 жылы «Мен Палестина халқының қайранымын.  Оларға құрметпен қараймын және оларға қолдау беремін» деген еді.



Ұқсас жаңалықтар