Трамп АҚШ-ты НАТО-дан шығарумен қорқытты

Германия ресми хабар агенттігі Трамптың шарттары орындалмаған жағдайда АҚШ-тың одақтан шығумен қортыққанын білдірді.

Трамп АҚШ-ты НАТО-дан шығарумен қорқытты

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Дональд Трамп НАТО одақтастары қорғаныс шығындары жайлы уәделерін орындамаған жағдайда елінің одақтан шығатынын алға тартып қорқытты.

Германия ресми хабар агенттігі «DPA»-ға қарағанда Трамп қорғаныс шығындары артпаған жағдайда АҚШ-тың одақ мүшелігінен шығатынын алға тартып қорқытты.

НАТО-ның ақпарат көздеріне қарағанда Трамптың осы қатаң мәлімдемесінің НАТО ортақтарымен өткен отырыста мазасыздыққа жол ашқаны себепті басшылар Грузия және Украинамен өтіп жатқан жиналысқа үзіліс берді.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг 29 басшыны кезектен тыс отырысқа шақырды.

Жиналыс алдында әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде Трамп НАТО одақтастарының қорғаныс шығындарында алдымен 2 пайыздық уәдесін «дереу» төлеу керектігін атап, бұл мөлшердің 4 пайызға арттырылу керектігін білдірген еді.

Бірақ Трамп қауесеттердің артынан жасаған баспасөз мәлімдемесінде АҚШ-ты НАТО-дан шығарумен қорқытпағанын айтты.

Трамп «Кеше сәл қатаң сөйлеген болатынмын, Дегенмен НАТО-ға сенімім толық» десе де, мүше мемлекеттердің қорғаныс шығындарын бөлісу тақырыбындағы ұстанымдарына қарсы “өте мазасыз” екенін жеткізгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар