Грузия НАТО-ға мүше болады

Столтенберг Грузия президентімен кездесті.

Грузия НАТО-ға мүше болады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг территория тұтастығына қолдау беретіндерін айтып,  Грузияның одаққа мүше болатынын білдірді.

29 ел қатысқан НАТО Мемлекет және үкімет басшылары саммитінің екінші күні жалғасуда.

Екі жақты кездесулер де өтіп жатқан саммитте НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Грузия президенті Георги Маргвелашвилимен бас қосты.

Столтенберг Маргвелашвилимен баспасөз мәслихатын өткізір,  Грузияның бір күн әлемнің ең ірі қауіпсіздік одағына қосылатынын айтты.

НАТО Бас хатшысы Грузияның Ауғанстандағы миссияға қосқан үлесіне орай алғыс білдірді.

«НАТО-Грузия комитеті бірінші рет бас қосқалы 10 жыл болды және серіктестігіміз нығаюда. НАТО-ның Грузиямен қарым-қатынасы жақсы және Грузия одақтың ең маңызды серіктерінің бірі,  әрі сенімді досы.  Серіктестігіміз НАТО-ны және Грузияны нығайта түседі. Грузияның мақсатына қолдау береміз.  Грузия НАТО-ға мүше болады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар