Пәкістандағы сайлау митингінде жанкешті шабуыл

Пешаварда ANP митингі кезінде бір жанкешті үстіндегі бомбаны жарды, 20 адам қаза тапты.

Пәкістандағы сайлау митингінде жанкешті шабуыл

Пәкістанның Пешавар қаласында Авами Ұлттық партиясының (ANP) митингі кезінде бір жанкештінің үстіндегі бомбаны жаруы нәтижесінде 20 адам қаза тапты, 63 адам жарақат алды.

Қаза тапқандар арасында депутаттық сайлау үміткері Харун Билурдың да бар екені білдірілді.

Пешавар полициясы Харун Билурға бағытталған опасыз шабуылдың сайлаушыларымен бас қосқан кезде бір жанкешті тарапынан жасалғанын жариялады.

Ем қабылдаған жаралылар арасында Билурдың баласы да бар.

Шабуылды Талибан террор ұйымы мойындады.

Билурдың әкесі Бешир Ахмет Билур болса Пешаварда 2012 жылы өткізілген бір партия жиналысын нысанаға алған жанкештінің шабуылында қаза тапқан еді.

Сол шабуылды да Талибан мойындаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар