Путин Әлиевпен кездесті

Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевпен кездесті.

Путин Әлиевпен кездесті

Ресей президенті Владимир Путин Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевпен кездесті.

Кремльден жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Путин Ресей Әлем Футбол Чемпионатының ашылуы рәсіміне қатысу үшін Мәскеуге барған Әлиевпен бас қосты.

Әлиевтің өткен жылы 30 тамызда Ресейге сапарлай келгенін еске салған Путин «Қарым-қатынастарымыз өте жақсы бағытта. 2017 жылы сауда көлемі 34,4 пайыз өсті. 2018 жылының бірінші ширегінде де 19 пайыз артты» деген сөздер қолданды.

Путин Ресей мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастың тұрақты түрде жалғасқанына назар аударды.

Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев те Ресей мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастардың дамығанына риза екенін айтты.

Әлиев Ресеймен дос, одақтас және стратегиялық ортақ екенін түсіндірді.


Этикеттер: Әзірбайжан , Ресей

Ұқсас жаңалықтар