"Адил Өксүз бен FETÖ/PDY мүшелерінің ізіне түстік"

Сыртқы істер министрі 2016 жылғы төңкеріс әрекетінің артынан шетелге қашқан опасыздардың Түркияға қайтарылу керектігін атап көрсетті.

"Адил Өксүз бен FETÖ/PDY мүшелерінің ізіне түстік"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ/PDY-нің 2016 жылғы төңкеріс әрекетінің артынан қашқан опасыздардың Түркияға қайтарылу керектігін атап көрсетті.

Сыртқы істер министрі қашқын төңкеріс күдіктісі Адил Өксүздің Германияда екені қауесетімен байланысты «Германия немесе қайсы ел болса да төңкеріс әрекеті күдіктілерін бізге қайтару керек» деді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу мәлімдемесінде «Адил Өксүз жайлы Анадолы агенттігіне түскен бір хабарлау Германиядағы лауазымдылардың үйіне барғаны жайлы бір оқиға ғана емес. Адил Өксүз бен FETÖ/PDY мүшелерінің ізіне түстік. Бізге түскен ақпараттың артынан Германиямен байланыс құрдық. Әртүрлі өсектер бар, АҚШ-та екені де алға тартылады. Ұсталған соң Германиямен әрине келісіміміз бар. Ұсталғанда кері қайтарылуын талап етеміз. Адил Өксүзді қайтармаған жағдайда, FETÖ/PDY басшысын қайтармаған АҚШ сияқты болады. Германия немесе қайсы ел болса да төңкеріс әрекеті күдіктілерін бізге қайтару керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар