НАТО ірі әскери жаттығу өткізеді

НАТО штаб-пәтерінде Адмирал Джеймс Фогго брифинг берді.

НАТО ірі әскери жаттығу өткізеді

29 одақтаспен өткізілетін соңғы жылдардың ең ірі әскери оқу-жаттығуы болатын «Trident Juncture 18» үшін дайындық басталып кетті.

Қазан-қараша айларында болатын жаттығу жөнінде НАТО штаб-пәтерінде Адмирал Джеймс Фогго брифинг берді.

Жаттығуда НАТО-ның барлық одақтастарына коллективті қорғаныс қамдайтын 5-ші бабы бір сценарий арқылы атқарылады. Жаттығуға НАТО-ға мүше елдермен қатар Финляндия және Швеция да қатысады.

Фогго жаттығуға 40 мыңнан астам қатысушы келетінін,  осылайша осы жаттығудың НАТО-ның бір дағдарыс болған жағдайда бірігіп қозғалу қабілетін сынау үшін мүмкіндік болатынын айтты.

Жаттығу жөнінде Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен НАТО-Ресей кеңесіне де мәлімет берілді.



Ұқсас жаңалықтар