Ереуіл салдарынан қызметтер кешігуде

Афиныдағы халықаралық әуежайда ондаған рейс игерілмей, кейбір рейстер кейінге қалдырылды.

Ереуіл салдарынан қызметтер кешігуде

Грекияда үкіметтің экономикалық саясаттарына қарсы басталған ереуіл салдарынан мемлекеттік қызметтер кешігіп,  қатынаста қиыншылықтар болуда.

Кәсіподақтар,  Грекия мемлекеттік қызметкерлер федерациясы,  Жұмысшы кәсіподақтары жалпы конфедерациясы және Күрескен жұмысшы одағының шақыруымен басталған ереуіл аясында Афины және Салоники қалаларында митингтер жоспарлануда.

Афиныдағы халықаралық әуежайда ондаған рейс игерілмей, кейбір рейстер кейінге қалдырылды.

Елдегі бастауыш және орта мектептер де жабылады.

Ауруханаларда болса тек жедел жәрдем қызметі ғана жұмыс істейді.

Теміржолы және порт жұмысшыларының 24 сағаттық ереуіліне байланысты пойыз және аралдар мен құрлықты байланыстыратын теңіз көліктері рейстері толығымен тоқтатылды.

Афиныда болса автобус пен троллейбустар қызмет бермейтін болды.

Журналисттер де ереуілге қатысып, теледидарларда жаңалықтар жарияланбайды, ертең газеттер де шықпайтын болды.


Этикеттер: рейс , Грекия , Афины , еруіл

Ұқсас жаңалықтар