Мадуро қайта сайланды

Николас Мадуро президенттік сайлаудың бірінші турында жеңіп шығып, қайта сайланды.

975213
Мадуро қайта сайланды

Венесуэла президенті Николас Мадуро еліндегі президенттік сайлаудың бірінші турында жеңіп шығып, қайта сайланды.

Ұлттық Сайлау кеңесі төрағасы Тибисай Лукена сайлауға 46 пайыздан көп сайлаушы қатысқанын және 8 миллион 300 мыңнан астам дауыс саналғанын білдірді.

Президент Мадуроның 5 миллион 800 мыңнан астам дауыс жинағанын білдірген Лукена Мадуроның шамамен 68 пайызбен қайтадан сайланғанын жариялады.

Басқа кандидаттар Генри Фалкон 1 миллион 820 мың, Хавиер Бертуци 925 мың,  Рейнальдо Куияда болса 34 мың 614 дауыс жинады.

Николас Мадуроның президенттік міндеті 2025 жылға дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар