Палестина мемлекет басшысы ұлттық келіссөз комитеті құрды

Комитеттің мақсаты Палестинадағы топтар арасындағы бөлшектенуді жойып, бір шаңырақ астында біріктіру.

filistinliler gosteri.jpg

Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас палестиналық топтар арасындағы бөлшектенуді жою үшін Ұлттық келіссөз комитеті құрды.

Палестина Азаттық ұйымы Бас хатшысы Саиб Урейкат Палестина теледидарына жасаған мәлімдемеде Аббастың палестиналық топтар арасындағы бөлшектенудің жойылуы үшін бір комитет құрғанын атап көрсетті.

Урейкат Палестина Кеңесінде қабылданған шешімдерді іске қосу үшін тағы бір комитет бар екенін де атап көрсетті.

Палестинаның БҰҰ Тұрақты өкілі Рияд Мансур Палестинаның дауысы радиосына жасаған мәлімдемеде Израильдің палестиналықтарға қарсы жасаған соғыс қылмыстарына қатысты папканы Халықаралық қылмыстық сотқа жіберу үшін ресми түрде сұраныс жасағандарын атап айтты.

Палестина әкімшілігі дүйсенбі күні «Еврей тұрғын құрылыстары жайлы дәлелдерді ресми түрде Халықаралық қылмыстық сотқа жіберуге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін кезектен тыс жиналысқа шақыруға, Палестинаның халықаралық агенттіктерге мүше болуына, Палестина ұлттық кеңесінде қабылданған шешімді іске қосуға және Палестина-Израиль қарым-қатынастарын шектеу үшін Палестина азаттық ұйымы орталық комитетіне, Атқару Кеңесі және үкімет мүшелерінен тұратын бір комитет құруға» шешім қабылдағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар