Мұсылмандардың тұңғыш құбыласы

Иерусалим неге маңызды?

Мұсылмандардың тұңғыш құбыласы

Әрі әлемдік діндердің бесігі, әрі Азия, Африка және Еуропа арасындағы ең үлкен қақпалардың бірі Иерусалим қаласы – Шығыс Жерорта теңізіне ашылған қақпалардың бірі болуы себебімен өте маңызды.

800 мың тұрғыны бар қала осы себептен әрі Палестина,  әрі Израиль үшін өміршең маңызға ие.

Араб тілінде Әл Кудс,  иврит тілінде Йерушалайим деп аталатын Иерусалим – әлемдегі ең байырғы қалалардың бірі.  Ислам дінімен бірге мұсылмандардың тұңғыш құбыласы болды.

Әзірет Мұхаммед Ислам дінінің тарауында маңызды саты болған Иерусалимнен Миғражға көтерілді,  Акса мешіті осында салынды.

Акса мешіті мен Куббетүс Сахра – мұсылмандардың осы қаладағы символдары. Иерусалимді мұсылмандар бірінші рет Халифа Омар кезінде жеңіп алды.

Ислам үшін болғаны секілді еврей және христиан діндері үшін де маңызды деп есептелетін ғимараттар бар.

Әзірет Исаның осында шегеленгені айтылады,  сондықтан христиандар үшін қажылық жері деп есептеледі.

Біздің дәуірімізден бұрынғы 10-ғасырда король Дауыдтың алуы болса қаланы еврейлер үшін де бас тартылмас қылады.

Қала 400 жыл Османлы мемлекетінің билігінде болды.  Қаланың төңірегіндегі қабырғаларды Османлы падишасы Кануни Сұлтан Сүлейман салдырды. Осы қабырғалар енді байырғы қалада армяндар, христиандар, еврей және мұсылман аудандарын бөліп тұр.

Байырғы қала – әлемдік мәдени мұра тізімінде.  Тарих бойы көптеген қасиетті мекен болғандықтан,  көптеген шайқасқа да сахна болды.

Бірнеше мәрте қирап,  қайта салынған Иерусалим Османлы билігінде 1517-1917 жылдар арасында болды. 1917 жылы Османлы билігінен шыққалы бері тыныш тұрмыс көрмеді. Шығыс Иерусалимді 1967 жылы басып алған Израиль жарты ғасырдан бері еврей қоныстанушыларды орналастырып келеді.



Ұқсас жаңалықтар