Солтүстік Корея ядролық полигонын жабатын болды

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын ядролық полигонды жабуға уәде берді.

960891
Солтүстік Корея ядролық полигонын жабатын болды

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын ядролық полигонды жабуға уәде берді.

Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяның президенті Мун Чжэ Инуға мамыр айында елдегі ядролық полигонды жабатындығын айтты.

Оңтүстік Корея Президенттік офисінен жасалған мәлімдемені Кимнің «Корея соғысының қайғылы өткенін тағы бір рет қайталамаймыз. Корей ұлтының тағы бір рет қанның төгілуіне рұқсат бермейміз. Күш қолданбайтыныма уәде беремін» дегені баяндалды.

Мәлімдемеге қарағанда Солтүстік Кореядағы ядролық полигонның жабылу салтанатына АҚШ-тан арнайы сарапшылар шақырылмақ. «Ким саммитте мамыр айында полигонды жабатындығы туралы айтты» - деді журналистерге Оңтүстік Корея президентінің өкілі Юн Ен Чхан. Оның сөзіне қарағанда, Корей түбегіндегі Пунгери ядролық полигонның жабылу салтанатына Корея мен АҚШ-тың қауіпсіздік қызметкерлерінен бөлек журналистер де қатыса алады. 

 



Ұқсас жаңалықтар