Катар сыртқы істер министрі Сауд Арабиясында

«АҚШ-тың Сириядағы әскери болмысының беделін Катар өтеуге тиісті».

959151
Катар сыртқы істер министрі Сауд Арабиясында

Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин-Абдуррахман Әл-Сани Сирияның әлемнің ең үлкен апаттарының біріне санала бастағанын атап көрсетті.

Әл-Сани твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Адил әл-Джубейрдің «АҚШ-тың Сириядағы әскери болмысының беделін Катар өтеуге тиісті» деген мәлімдемесін бағалады.

«Сирия әлем бойынша ең нашар гуманитарлық апаттардың біріне айнала бастады. Сирия халықаралық қоғам ретінде баршамыздың жауапкершілігімізде» деген Әл-Сани саяси дағдарысқа шешім табуға шақырды.

Сауд Арабиясы ресми хабар агенттігі SPA-ның хабарында Сыртқы істер министрі Джубейр АҚШ президенті Дональд Трамптың Ақ Үйде Эммануэль Макронмен ұйымдастырылған ортақ баспасөз жиналысындағы сөздеріне сілтеме жасап, Катардың Сириядағы АҚШ әскерлері үшін бедел өтеу керектігін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар