"Хлор және зарин газы қолданылды" деді

Науерт: «Қазір қолымыздағы дәлелдер хлор және зарин газының қолданылғанын көрсетеді» деді.

"Хлор және зарин газы қолданылды" деді

Америка Құрама Штаттары Сирияның Дума өңірінде 7 сәуір күні болған әуе шабуылында хлор және зарин газы қолданылғанын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хеатер Науерт баспасөз брифингінде Сирияда биліктің ақпарат агенттіктері жариялаған «Химиялық Қаруларға тыйым салу ұйымы Думаға кірді» деген хабардың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Сирия мемлекеттік баспасөзі делегацияның Думаға кіргенін айтты.  Бірақ біз осы деректі растай алмаймыз.  Біз сенетін ақпарат көздері делегацияның әлі Думаға кірмегенін білдірді» деді ол.

Науерт Химиялық Қаруларға тыйым салу ұйымының тез арада Думаға сенімді түрде кіруін қалайтындарын да айтты.

«Біз сонымен бірге дәлелдердің де таза болуын қалаймыз. Делегацияның Думаға кіруі созылған сайын дәлелдердің бұзылуы мәселесі ортаға шығады» деді ол.

Науерт: «Қазір қолымыздағы дәлелдер хлор және зарин газының қолданылғанын көрсетеді» деді.

Сирия билігінің Думаға жасаған әуе шабуылында 78 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар