Сирияға жаңа санкциялар келеді

Никки Хейли Сирияда режимнің химиялық қару табуына қолдау берген орыс фирмаларына жаңа санкциялар іске қосатындарын білдірді.

Сирияға жаңа санкциялар келеді

Америка Құрама Штаттарының Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрақты өкілі Никки Халей Сирияда режимнің химиялық қару табуына қолдау берген орыс фирмаларына жаңа санкциялар іске қосатындарын білдірді.

Никки Халей Американ CBS телеарнасына күн тәртібімен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Бағдарламада Ресеймен ынтымақтастыққа тоқталған Халей Сирияда режимнің химиялық қару табуына қолдау берген фирмаларға санкциялар іске қосатындарын мәлімдеді.

Халей «Ресейге санкциялар келеді. Қазына министрі Мнучин дүйсенбі күні бұл санкцияларды жариялайды. Санкциялар тікелей Асад пен химиялық қару қолданысымен байланысты фирмаларды қамтиды» деді.

Халей «Fox News Sunday» бағдарламасында да Ресейдің Венесуэлада Мадуро үкіметіне, Сирияда болса Асадқа қолдау беріп, Иранмен ынтымақтастық жасап, «қате актерлермен» жұмыстанғанын, Ресейдің «енді досы қалмағанын» және қазіргі достарының да Ресейге зиян келтіргенін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар