«Бірлік болғымыз келсе,  дін мен наным еркіндіктерін мойындауымыз керек»

Франция президенті радикал ағымдардың шын Ислам еместігін айтты.

«Бірлік болғымыз келсе,  дін мен наным еркіндіктерін мойындауымыз керек»

Франция президенті Эммануэль Макрон: «Бірлік болғымыз келсе,  дін мен наным еркіндіктерін мойындауымыз керек» деді.

Эммануэль Макрон BFMTV және  Mediapart тарапынан тікелей жарияланған арнайы бағдарламада журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Елде мұсылмандар мен орамал тақырыбындағы бір сұраққа жауап берген Макрон Ислам дінінің әсіресе көш және тұрғын қозғалысынан кейін Францияда көп тарағанын айтты. Бүгін Францияда 4,5-6 миллион мұсылман азамат бар екенін тілге тиек еткен Макрон: «Бұл дін Франция үшін жаңа деп есептеледі.  Тарихта Францияның католик,  протестан және еврейлікпен қатынасы болды. Көптеген азамат осы жаңа діннен қорқады.  Бірлік болғымыз келсе,  дін мен наным еркіндіктерін мойындауымыз керек» деді.

Франция басшысы осы уайымды туғызған радикал ағымдардың шын Ислам еместігін атап көрсетті.

«Орамал таққан бір әйелге кезіксеңіз,  не сезінесіз?» деген сұраққа Макрон: «Құрмет» деп жауап берді.

Францияда орамал тағуға тыйым салатын заңға қарсы екенін білдірген президент Ислам діні мен дәстүрлі француз тұрмысының өзгешеліктеріне тоқталды.



Ұқсас жаңалықтар