АҚШ Сириядан кері шегінуі үшін 3 шарт жариялады

АҚШ-тың БҰҰ Тұрақты өкілі Никки Халей Сириядағы АҚШ әскерлерінің кері шегінуі үшін 3 шарт жариялады.

АҚШ Сириядан кері шегінуі үшін 3 шарт жариялады

Халей «Сириядан 3 нәрсе орындалмайынша шықпаймыз. Химиялық қару қолданысына рұқсат бере алмаймыз. ДАИШ толығымен жойылуға тиісті және Иранның аймақты бақылауға алмағанына сенімді болуға тиістіміз» деді.

Никки Халей АҚШ-тың CBS телеарнасында күн тәртіппен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

АҚШ-тың Сирияда режиммен қазіргі жағдайда тікелей байланыспайтынын атап көрсеткен Халей АҚШ-тың Сириядағы әскери болмысына бағыттап «Нысана АҚШ жасақтарының тез арада үйлеріне оралуы, бірақ 3 нәрсе орындалмайынша шықпаймыз. Алдымен химиялық қару шабуылына рұқсат бере алмаймыз және осы үшін күресеміз. Террор ұйымы ДАИШ-тің толығымен жеңілуі керек. Үшінші нысана Иранның аймақты бақылауға алмағанына сенуіміз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар