Ресейдің армия генералінен АҚШ-қа қатаң наразылық

Валерий Герасимов АҚШ армиясы Сириядағы орыс әскеріне қауіп төндірген жағдайда, АҚШ-тың зымырандарын жоятындарын мәлімдеді.

Ресейдің армия генералінен АҚШ-қа қатаң наразылық

Ресей Бас штаб басқармасы төрағасы Валерий Герасимов АҚШ Сирияны бомбалап, осындағы орыс әскерлеріне қауіп төндіретін болса, қарсы шабуыл жасайтындарын білдірді.

Валерий Герасимов Сирия үкіметін химиялық қару қолданумен айыптауды жоспарлаған АҚШ-тың Дамаск үкіметі бақылауындағы жерлерге шабуылға дайындалғанын атап көрсетті.

Орыс Бас штаб басқармасы төрағасы Дамаск қаласындағы ресми мекемелер мен Сирия армиясына тиесілі ғимараттарда орыс әскери кеңесшілері, Ресейдің Сириядағы тараптарды келістіру орталығы лауазымдылары және орыс әскери полициясы қызметкерлерінің орын алғанын еске салды.

Герасимов Дамаскқа қоса АҚШ Сирияның кезкелген жерін бомбалап, бұл елдегі орыс әскерлеріне қауіп төндірген жағдайда әрі қолданатын зымырандардың, әрі бұл зымырандарды тасымалдаған көліктердің жойылатынын мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме АҚШ-тың БҰҰ тұрақты өкілетті елшісі Никки Хейлидің химиялық қарулар қолданылған жағдайда, Вашингтонның Дамаскқа қарсы шабуыл жасайтыны туралы мәлімдемесінің артынан келуі назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар