"Иран - Франция үшін қауіп"

Франция Сыртқы істер министрі Иранға барады.

"Иран - Франция үшін қауіп"

Франция Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасының Франция мен одақтастары үшін үлкен қауіп көзі екенін білдірді.

Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан бүгін Иранның бас қаласы Тегеранға басталатын сапары қарсаңында жазбаша мәлімдеме жасады.

Министр Францияның Иран ядролық келісіміне тәуелді болып қалатынын айтты.  Иранның келісімге байланысты өзіне жүктелген жауапкершіліктерді орындауы керектігін де білдірді.

«Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасы Франция және одақтастары үшін үлкен қауіп көзі.  Осы бағдарлама БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің нөмірі 2231-ші қарарына сай емес және өңірде тұрақтылықты бұзады» деді ол.

Ле Дриан Иранның мемлекеттердің егемендігіне құрмет көрсетіп,  Таяу Шығыстағы дағдарыстарға шешім табу жолында көркейтуші үлес қосуын қалайтындарын айтты.

Француз министрдің Ирандағы сапарында Сириядағы гуманитарлық жағдай,  Йемен,  Ливан және Ирак секілді өңірлік тақырыптар қолға алынады.

Франция Сыртқы істер министрі Иран президенті Хасан Рухани және Сыртқы істер министрі Джевад Зарифпен кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар