Еуропа Одағы басшылары бас қосады

Еуропа Одағы басшылары ертең Брюссельде бас қосады.

916028
Еуропа Одағы басшылары бас қосады

Еуропа Одағы басшылары ертең Бельгияның бас қаласы Брюссельде бас қосады.

Еуропа Одағына мүше елдердің басшылары қатысатын саммитте Еуропа парламентінің болашақтағы құрылымы, ЕО Комиссиясының келесі басшылығының сайлануы,  бюджет, сонымен бірге Түркия мен Кипр понти әкімшілігі арасындағы оқиғалар қолға алынады.

Бейресми саммитке Ұлыбританиядан басқа мүше елдердің үкімет немесе мемлекет басшылары қатысады.

Понти басшысы Никос Анастасиадистің талабына орай саммитте Кипр понти әкімшілігінің Жерорта теңізінде табиғи газ іздеу жұмыстары мен осыларға Түркияның наразылығы да қолға алынады.

ЕО кеңесі ғимаратында болатын жиналыста басшылар Ұлыбритания одақтан шыққаннан кейін ЕО органдарының жұмыс әдісі мен бюджет тақырыптарын да қолға алады.



Ұқсас жаңалықтар