Иранда ұшақ апатында 66 адам қаза тапты

Асеман авиация фирмасына тиесілі "ART 72-500" типі жолаушы ұшағы Исфаханда апатқа ұшырады.

Иранда ұшақ апатында 66 адам қаза тапты

Иранның Тегеран қаласынан көтеріліп Ясудж қаласына ұшып бара жатқан жолаушы ұшағы жерге құлады.

Асеман авиация (Aseman Airlines) фирмасына тиесілі ART 72-500 типі жолаушы ұшағының Исфаханда апатқа ұшырағаны білдірілді.

Асеман авиация фирмасының мәлімдемешісі Иран мемлекеттік арнасына жасаған мәлімдемеде ұшақтағы 66 адамның қаза тапқанын білдірді.

Иран хабар агенттігі ИСНА (ISNA) Тегераннан көтерілген жолаушы ұшағының 20 минуттан кейін Исфахан маңындағы Панеда тауына құлағанын жариялаған болатын.

Ауа райының нашарлауы апат аймағына жетуді қиындатуда. Ирандық лауазымдылар аймаққа іздеу құтқару топтарының жіберілгенін мәлімдесе, Иран Қызыл жарты ай қоғамы топтардың оқиға орнына жылжығанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар