Украина Саакашвилиді Польшаға қайтарды

Украина азаматтығынан шығарылған Грузияның бұрынғы президенті Саакашвили Польшаға жіберілді.

Украина Саакашвилиді Польшаға қайтарды

Украина мемлекет шекара қызметі мәлімдемешісі Олег Слободян Украина азаматтығынан шығарылған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің Польшаға жіберілгенін мәлімдеді.

Слободян «Сот шешіміне қарағанда, бұл кісі Украина жеріне заңсыз кірген болатын. Қазір заңға сәйкес шекарадан шығарылды» деді.

Саакашвили қысқа уақыт бұрын жасалған бір операциямен бас қала Киевтегі партиясы Жаңа күштер қозғалысы офисі маңында бір ресторанда отырған кезде полиция тарапынан тергеуге алынған еді.

Саакашвилидің Украина миграция басқармасынан сұраған саяси баспана талабы қабылданбаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар