Он мыңдаған бала - қарулы топтардың қолында

«Бала жауынгерлердің қолданылуына қарсы халықаралық күнге» орай жазбаша хабарлама жарияланды.

Он мыңдаған бала - қарулы топтардың қолында

БҰҰ өткен жылы қақтығыстар болған 20 елде жауынгер ретінде қолданылған бес мыңнан астам баланың еркін жіберілгенін,  алайда он мыңдаған баланың әлі қарулы топтардың қолында екенін білдірді.

БҰҰ бас хатшысының Балалар және қарулы қақтығыстарға жауапты арнайы өкілі Вирджиния Гамба «Бала жауынгерлердің қолданылуына қарсы халықаралық күнге» орай жазбаша хабарлама жариялады. Хабарламада қақтығыс аймақтарында он мыңдаған баланың қарулы топтар тарапынан жауынгер ретінде қолданылғанына назар аударылды.

Балалардың қолына қару беріп, жауынгер ретінде қолданылуына қарсы жүргізілген халықаралық шаралар аясында өткен жылы 20 елде 5 мыңнан астам бала еркін жіберілген.  Гамба бірақ осы балалардың өте жоғары деңгейде жәбірленгенін айтты.

Жәбірлеу балаларда өте үлкен физиологиялық және психологиялық нәтижелер туғызған.  Гамба осы балаларды қақтығыстан тыс ұстаудың халықаралық қоғамның жауапкершілігінде екенін атап көрсетті.

Балалар жауынгер ретінде ең көп қолданылған елдер – Ауғанстан, Орталық Африка Республикасы, Демократиялық Конго Республикасы,  Ирак,  Мьянма, Нигерия,  Сомали, Оңтүстік Судан, Сирия және Йемен.



Ұқсас жаңалықтар