Кабулда люкс қонақүйге шабуыл

Ауған арнайы жасақтарының операциясында шабуылдаушылардың үшеуі өлтірілді.

Кабулда люкс қонақүйге шабуыл

Ауғанстанның бас қаласы Кабулда люкс бір қонақүйге шабуыл жасалды.

Ауғанстан қауіпсіздік күштері жан-жаққа оқ жаудырған шабуылдаушыларды тоқтату үшін операция бастады.

Қонақүйге асханасынан кірген шабуылдаушылар қауіпсіздік күштерімен қақтығысты.

Қонақүйдің бірінші қабатында шыққан қақтығыстың артынан шабуылдаушылар жоғары қабаттарға қашты.

Ауған арнайы жасақтарының 12 сағатқа созылған операциясында шабуылдаушылардың үшеуі өлтірілді.

Оқиғада біреуі шетелдік 5 адамның да қаза тапқаны білдірілді.

Куәгерлер көптеген гранатасы бар шабуылдаушылардың кейбір бөлмелерді өртеп, кейбір адамдарды кепілдікке алғаны атап көрсетілді.

Шабуылды қазірше ешкім мойындаған емес.



Ұқсас жаңалықтар