Орыс әскерлері Африннен кете бастады

Африннен шыққан орыс әскерлері Башар Асад әкімшілігінің бақылауындағы Нубул және Зехра өңірлеріне жетті.

892334
Орыс әскерлері Африннен кете бастады

Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағындағы террорлық ұйымға қарсы операциясы үшін санаулы уақыт қалды.  Орыс әскерлері аймақтан кете бастады.

Анадолы агенттігінің Африннен алған мәліметіне қарағанда,  Кефер Женне ауылы маңында орналасқан орыс әскери полиция күші аймақтан кетуін бастады.

Африннен шыққан орыс әскерлері Башар Асад әкімшілігінің бақылауындағы Нубул және Зехра өңірлеріне жетті.

ТР Штаб-пәтер басқармасы басшысы, армия генералы Хулуси Акар мен Ұлттық Барлау кеңесінің басшысы Хакан Фидан кеше Мәскеуде РФ Штаб-пәтер басқармасы басшысы,  армия генералы Валерий Герасимовпен кездескен еді.



Ұқсас жаңалықтар