Талибан қастандықты мойындады

Бхуттоны өлтірген Пәкістан Талибаны болып шықты.

Талибан қастандықты мойындады

Пәкістан Талибаны TTP жаңа жарияланған бір кітапта бұрынғы премьер-министр Беназир Бхутто қастандығының жауапкершілігін өз үстіне алды.

Пәкістан баспасөзіндегі хабарларға қарағанда,  Пәкістан Талибанының басшыларының бірі Әбу Мансур Асим Муфти Нур Вели жазған «Ағылшын отаршылығынан Америка Құрама Штаттары империализміне оңтүстік Уәзірстанда Мешуд төңкерісі» атты кітапта ұйым Бхутто қастандығын мойындады.

Кітапта ұйымның Бхутто қастандығы үшін Билал және Икрамулла атты екі жанкештіні міндеттендіргені айтылды. Шабуылдаушылардың бірі Билал алдымен Бхуттоға оқ атты,  артынан үстіндегі бомбаны жарды.  Екінші шабуылдаушы Икрамулла болса қашып кетіп,  әлі ұсталмай жүрген көрінеді.

Кітапта айырықша 2008 жылғы сайлауда кандидат болу үшін Біріккен Араб Әмірліктерінен еліне оралған Бхуттоның канвойына Равалпиндиде ұйымдастырылған, 180-нен астам адам қаза тапқан бомбалы шабуылдың да ұйымның бұрынғы басшысы Бейтуллах Мешудтың бұйрығымен жасалғаны білдірілді.

Пәкістанның тұңғыш әйел премьер-министрі Беназир Бхутто 2007 жылдың 27 желтоқсан күні бір қастандықта қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар