Катар шағымданды

БҰҰ Бас хатшысы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдады.

Катар шағымданды

Катар Біріккен Араб Әмірліктеріне тиісті әскери жүк ұшағының ұлттық әуе кеңістігін бұзғанына байланысты БҰҰ Бас хатшысы және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағым хат жолдады. 

Катар ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  БАӘ-ден Бахрейнге жол тартқан әскери жүк ұшағы 3 қаңтар күні Катардың ұлттық әуе кеңістігін бұзды. 

Хабарда аталмыш заң бұзушылыққа байланысты Катардың БҰҰ Бас хатшысы және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағым хат жолдағаны айтылды. 

Катардың БҰҰ-дағы өкілдігі БАӘ-нің бір әскери ұшағының 2017 жылдың 21 желтоқсан күні Катар әуе кеңістігін бұзуына байланысты алдынғы күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағымданған болатын. 

 



Ұқсас жаңалықтар