БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Ауғанстан жоспары

7 жылдан бері Қауіпсіздік кеңесінен ешкім осы елге бармаған.

886803
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Ауғанстан жоспары

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 7 жылдан кейін Ауғанстанға баруды жоспарлап отыр.

Кеңесте қаңтар айында кезекті төрағалықты қабылдап алған Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Қауіпсіздік кеңесінің соғыстан зардап шеккен Ауғанстандағы жағдайды өз көзімен көру үшін осы елге сапар ұйымдастыруды жоспарлағанын айтты.

БҰҰ ҚК атынан 7 жылдан бері Ауғанстанға ешкімнің бармағанын білдірген Омаров осы сапар арқылы ауған халқымен ұйымшылдықта екенін көрсетумен қоса үкімет басшыларымен кездесудің де ойластырылғанын атап айтты.

Омаров бірақ сапардың күні жөнінде мәлімет бермеді.



Ұқсас жаңалықтар