Израиль палестиналықтарды өлтіруде

Израиль әскерлерінің килігуінде 3 палестиналық шейіт болды, 80 адам жарақат алды.

869628
Израиль палестиналықтарды өлтіруде

Израиль әскерлерінің килігуінде 3 палестиналық шейіт болды, 80 адам жарақат алды.

Израиль әскерлерінің Иерусалим және Газа шекарасында ұйымдастырылған Иерусалимге қолдау көрсету шеруіне килігуінде 3 палестиналық шейіт болды, 80 адам жарақат алды.

Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемешісі Ашраф әл-Кудра «Израиль әскерлерінің шекара аймағында ұйымдастырылған шерулерге килігуінде үш палестиналық жас шейіт болды және 80 адам жарақат алды» деді.

Израиль полициясы Иерусалимде жұма намазынан кейін ереуіл жасағандарға килікті. Шерушілерге физикалық жақтан тосқауыл жасады.

Газа секторының шығысындағы Иерусалимге қолдау көрсету шеруіне көптеген палестиналық жастар қатысты.

Израиль әскерлері өздеріне тас лақтырған палестиналықтарға пластикалық оқ пен шын оқ атты. Сонымен қатар көз жасаурататын газбен килікті.

Енді бір жағынан жаулау астындағы Шығыс Иерусалимнің Исевие қалашығында да Иерусалимге қолдау ереуілдері жалғасуда.

 



Ұқсас жаңалықтар