Ресей қарулану бәсекесіне кірмейді

Путин жылдық баспасөз жиналысында журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Ресей қарулану бәсекесіне кірмейді

Ресей қарулану бәсекесіне кірмейді.

Путин жылдық баспасөз жиналысында журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Ресей Президенті Владимир Путин әр жылы өткізілетін жылдық баспасөз жиналысы үшін 1600-ден астам журналисттің алдына шығып, сұрақтарға жауап берді.

Путин баспасөз жиналысында Америка Құрама Штаттарына жолдама жіберіп, «Жыртқыш айуандар сияқты соғысуды енді тоқтатуымыз керек» деді.

Путин АҚШ-та өткен жылы өткізілген сайлауға киліккендері жөніндегі айыптаулардың АҚШ-тың өзіне зиян тигізгенін айтты.

Атомдық зымырандардың азайтылуын мақұл көрген START келісімінен бас тартпайтынын атап өткен Путин АҚШ-ты келісіммен ресми түрде бас  тартты деп айыптады және қарулану бәсекелеріне кірмейтінін білдірді.

Путин Солтүстік Кореяның атомдық мемлекет мәртебесін қабылдамайтынын баяндады.

Вашингтонға ескерту жасап, «Бір жолата Солтүстік Кореядағы нысандарды жоя алмайсыз» деген Путин Солтүстік Кореяға ұйымдастырылатын бір шабуылдың үлкен апат болатынын түсіндірді және тараптарды байсалды болуға шақырды. 



Ұқсас жаңалықтар