Палестина мемлекет басшысы Трампқа наразылық білдірді

Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалим шешімін айыптады.

Палестина мемлекет басшысы Трампқа наразылық білдірді

Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимнің мәртебесі шешімін танымағанын және АҚШ-тың бұл шешіммен барлық бейбітшілік талпыныстарына балта шапқанын атап айтты.

Аббас басқыншылық астындағы Батыс Шерияның Рамаллах қаласындағы елбасы сарайында ұйымдастырған баспасөз жиналысында «Бұл жоспарды қабылдамаймыз және айыптаймыз. АҚШ-тың бұл қадамы барлық бейбітшілік талпыныстарына балта шауып, бейбітшілік келіссөздерінде АҚШ-тың ролін жойды. Бұл шешім АҚШ-тың сондай-ақ өткен мерзім бойынша бейбітшілік кезеңін басқару үшін ойнаған ролінен бас тартқаны деген мағынаға келеді. Бұл шешім Израиль мемлекетін келісімдерді танымауы, халықаралық заңдылыққа бас көтеруі, Палестинаны еврейлерге жұрт қылу, басқыншылық, нәсілшіл және этникалық тазалық саясатын жалғастыруын ынталандыру мақсатында берілген бір сыйлық» деді.

Аббас Палестина азаттық ұйымының жедел түрде жиналатынын атап, «АҚШ президенті Трамптың түңгі уақыттағы шешімі Иерусалим шындығын өзгертпейді. Израильге де заңдылық бермейді. Иерусалим кезкелген бір өзгеріс бастамасына шыдамды» деді.



Ұқсас жаңалықтар