Акса мешітінің жарықтары өшірілді

Акса мешітінің түнгі жарықтары АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесімен бірдей уақытта өшірілді.

Акса мешітінің жарықтары өшірілді

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимнің мәртебесімен байланысты провокациялық шешімі жариялана салып, бірдей уақытта Израиль басқыншылығындағы Шығыс Иерусалимдегі Акса мешітінің жарықтары өшірілді.

Бейтулхалим қаласында христиандар тарапынан Әзірет Исаның дүниеге келгеніне сенген Мехд шіркеуі алаңында отырғызылған Жаңа жыл шыршасының жарықтарының да өшірілгені байқалды.

1967 жылы 5 маусым күнінен бері басқыншылық астында ұстаған Израиль 1980 жылы бір жақты қаланың шығысын мен батысын өзінің «біріккен қаласы» ретінде жариялады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесінің 1980 жылы қабылдаған 478 нөмірлі қарарымен Израильдің аннекциясы мен бас қала шешімін қабылдамағанын жариялады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары аясында АҚШ-қа қоса, халықаралық қоғам Шығыс Иерусалимдегі Израильдің басқыншылығын мойындайтын.

Израиль әкімшілігін таныған барлық мемлекеттердің өкілетті елшіліктері Тель-Авивде орын алады. Ешбір мемлекет Иерусалим немесе шығыс және батыс аймақтарын бас қала ретінде танымайды.



Ұқсас жаңалықтар