Иракта ДАИШ-ке қарсы жүргізілген әскери операциялар аяқталды

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади террор ұйымы ДАИШ-тің елде әскери операцияның аяқталғанын жариялады.

Иракта ДАИШ-ке қарсы жүргізілген әскери операциялар аяқталды

Премьер-министр Ибади басқала Бағдаттағы үкімет сарайында апталық баспасөз жиналысында «Иракта ДАИШ-ті әскери тұрғыдан жойдық және қолдарындағы аймақтарды бақылауға алдық» деді.

Ибади елдің батысындағы Анбарға қарасты шөлдік алаңда ДАИШ топтарына бағытталған операцияның да жақында аяқталатынын білдірді.

Ирак премьер-министрі аталмыш шөл аймағындағы топтар тазаланған жағдайда елде «толық жеңіс» және ДАИШ-тен құтқаруды «ұлттық күн» ретінде жариялайтындарын тілге тиек етті.

Елде ДАИШ-ке қарсы құрлықтан соғысқан күштердің тек қана ирактықтардан тұрғанын атап көрсеткен Ибади «Ирактықтардың бұл күресі сириялықтардың ДАИШ-ті жеңуінде де рол ойнады» деді.

Ирак федеральдық сотының Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігінде 25 қыркүйек күні болып өткен бүкілхалықтық референдумнің күшін жою шешімін бағалаған Ибади «Күрд достарымызды қақтығыстан аулақ болуға және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық заңдарға бағынуға шақырамын. Мемлекеттік қызметкерлердің айлықтарын төлеу тақырыбында берген уәделерімізді орындаймыз және қажетті сараптау жұмыстары аяқталған соң төлеп бастаймыз» деді.

Жалпы халықтық сайлаумен байланысты мәлімдеген Ибади сайлаудың мамыр айында өткізілетінін кезкелген бір кейінге қалдыруды қабылданбайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар