"Ислам елдің ресми діні болуы керек"

Швейцария Социал демократ партиясының төрағасы Кристиан Леврат Исламның ресми дін ретінде танынуын ұсынды.

"Ислам елдің ресми діні болуы керек"

Швейцария Социал демократ партиясының төрағасы Кристиан Леврат Исламның ресми дін ретінде танынуын ұсынды.

Леврат ТР Дін істері басқармасының өз еліндегі істеріне де қолдау берді.

Швейцарияның «SonntagsZeitung» газетіне мәлімдеме жасаған Леврат: «Швейцарияда 400 мың мұсылман тұрады. Олардың 160 мыңы Швейцария төлқұжатына ие.  Ислам – біздің еліміздікі» деді.

Партиясының Ислам дінінің Швейцарияда ресми дін ретінде қабылдануын қалайтынын атап көрсеткен партия басшысы партия мүшелерінің «Швейцариядағы Исламның жол картасы» атты жұмыс жүргізгенін де білдірді.

ТР Дін істері басқармасының осы елдегі жұмыстары туралы бір сұраққа «Дін істері басқармасының Швейцариядағы кейбір мешіттерді қаржыландыруына тыйым салынуына қарсымын.  Себебі түрік имамдарға тыйым салу уахабби және салафиттердің көбеюіне жол ашуы мүмкін.  Ал олар Ислам жөнінде радикал уағыз таратады. Барлығынан бұрын имамдары араб тілінің орнына неміс және француз тілінде уағыз беретін түрік ықпалын таңдаймын» деп жауап берді.  



Ұқсас жаңалықтар