Талибан Кандахарда полиция бөлімшесіне шабуылдады

Ауғанстанның Кандахар қаласындағы шабуылда 22 полиция қаза тапты.

Талибан Кандахарда полиция бөлімшесіне шабуылдады

Ауғанстанның Кандахар қаласында террор ұйымы Талибан мүшелері полиция бөлімшесіне шабуылдады. Шабуылда 22 полиция қаза тапты.

Кандахар полиция мәлімдемешісі Зия Дурани Талибан тарапынан кеше кешкі уақытта Мейвенд пен Джирей аудандарындағы полиция бөлімшелеріне бірдей уақытта жасалған шабуылда 15 полицияның да жарақат алғаны білдірілді.

Дурани шабуылдың артынан шыққан қақтығыстың шамамен 2 сағатқа жалғасқанын, Талибанға мүше 40 террористтің өлтірілгенін, 35 террористтің жарақат алғанын атап көрсетті.

Талибан болса 40 астам қауіпсіздік қызметкерін өлтіргендерін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар