Сауд Арабиясы оппозицияны жинамақ

Сауд Арабиясы үкіметі кең көлемді Сирия оппозициясы жиналысын ұйымдастыратынын хабарлады.

Сауд Арабиясы оппозицияны жинамақ

Сауд Арабиясы үкіметі бас қала Эр-Риядта кең көлемді Сирия оппозициясы жиналысын ұйымдастыратынын хабарлады.

Сауд Арабиясының ақпарат агенттігі SPA хабарына қарағанда, жиналыс 22-24 қараша күндері аралығында өткізіледі.

Хабарда үкіметтің терроризммен күрес және аймақтық табысты қамдау тақырыбындағы жұмыстарының бір бөлшегі ретінде және Сирия оппозицияның талабына сай кең көлемді жиналыс өткізетіні атап көрсетілді.

Сауд Арабиясы үкіметі осылайша оппозияның түрлі топтарын бір мақсатта жинау және БҰҰ шаңырағы астындағы Женева диалог кездесулерін жалғастыруды мақсат еткенін білдірді.

Хабарда жиналысқа шақырылатын топтарға байланысты егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар