Алеппода шабуыл

Базарға үш рет әуеден шабуыл жасалды.

Алеппода шабуыл

Сирияда Алеппо қаласының батысындағы Етарибте базарға әуе шабуылы жүргізілді.  53 адам қаза тапты.

Алепподағы жергілікті хабар көздерінен алынған мәліметке қарағанда,  қаланың батыс жағында оппозицияның бақылауындағы Етарибте базарға әуеден үш рет шабуыл жасалды.

Азаматтық қорғаныс жауаптыларының бірі Халид Әл Хатиб базардағы шабуылда кемінде 53 адам қаза тапқанын,  60-тан астам адамның жарақат алғанын білдірді.

«60-тан астам жаралыны ауруханаға жеткіздік, қаза тапқандар саны артады деп уайымдап отырмыз» деді ол.

Осы арада Америка Құрама Штаттары Пентагон мәлімдемешілерінің бірі Эрик Паон «Шабуылды кімнің жасағанын білмейміз.  Қолымызда бір мәлімет жоқ.  Сондықтан Ресей немесе Асад әкімшілігін меңземейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар