Трамп APEC-тің ешкімнің жетелеуінде емес екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Вьетнамда, Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы (APEC) саммитіне қатысты.

Трамп APEC-тің ешкімнің жетелеуінде емес екенін мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Азия-Тынық мұхит елдерінің ешкімнің жетегінде емес екенін атап айтты.

АҚШ президенті Трамп Азия байланыстары аясында Вьетнамда, Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы (APEC) саммитіне қатысты.

Трамп Дананг қаласындағы баяндамасында «Азия-Тынық мұхит аймағының келешекте ұзақ уақыт досы, ортағы және одақтасы боламыз» деді.

Трамп 21 мүшелік APEC-тен тыс аймақ мемлекеттерінің де үлкен жаңалықтарға қол жеткізгенін білдірді.

«Әділдік және екі жақты ынтымақтастық аясында мықты бір сауда ізденісінде боламыз. Сауда ортақтарымыздан ережелерге бағынуын күтеміз» деген АҚШ президенті Халықаралық Сауда Ұйымы (WTO) бізге бейтарап көзбен қарау керек» деді.

Әрі АҚШ-та, әрі Азия-Тынық мұхит елдерінде «ашық нарық» болуын тілегендерін тілге тиек еткен Трамп «Қытаймен қазіргі сауда тендігі қабылданар мөлшерде емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар