Алексис Ципрас маңызды мәлімдеме жасады

Ципрас Палестина мәселесі үшін екі мемлекеттік бір шешімді қолдағанын айтты.

Алексис Ципрас маңызды мәлімдеме жасады

Ципрас Палестина мәселесі үшін екі мемлекеттік бір шешімді қолдағанын айтты.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас мемлекетінің Палестина мәселесі үшін екі мемлекеттік бір шешімді қолдағанын білдіріп, «Еуропа Одағының Палестина мәселесінде келіссөздерге тезірек қайтадан басталуына қолдау көрсетуі керек» деді.

Ципрас Араб елдерінен инвестиция тарту мақсатымен Афиныда ұйымдастырылған 2-ші Еуро-Араб Саммитінің ашылуында сөз сөйледі.

Еуропа Одағыныі Орташығастағы мәселелер жөнінде өткеннен сабақ алуы керектігін түсіндірген Ципрас «Еуропа Одағының халықаралық деңгейдегі рөлі Сирия, Ирак, Ливия және Йеменде бейбітшілік пен тұрақтылық көздей отырып, Араб әлемімен ынтымақтастық жасайтын болса күшейеді» деген сөздер қолданды.

Ципрас Еуропаның кездескен көптеген мәселенің шешімінің бір Жерорта теңізі саясаты және Араб әлемімен қарым-қатынастарының дамытылуына байланысты екенін айтты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар