Трамп Си Цзиньпинмен кездесті

Екі басшы 250 миллиард долларлық келісімге қол қойды.

Трамп Си Цзиньпинмен кездесті

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп кеше басталған үш күндік Қытай сапары аясында бүгін Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен бас қосты.

Екі басшы кездесуден кейін баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Си Трамптың сапары аясында екі ел компаниялары арасында 250 миллиард долларлық бірсыпыра келісімдерге қол қойылғанын білдірді.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық әлеуетінің үлкендігін атап көрсеткен Си Вашингтон пен Пекин арасындағы жақсы қарым-қатынастың бүкіл әлемнің молшылық пен тұрақтылығына әсер ететінін айтты.

Трамп 13 күндік Азия сапары аясында алдымен Жапония және Оңтүстік Кореяда кездесулер жүргізіп,  кеше Пекинге келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар