Путин мен Трамп кездеседі

Екі лидер ертең Вьетнамда бас қосады.

844132
Путин мен Трамп кездеседі

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың ертең Вьетнамда кездесетінін айтты.

Журналистерге мәлімдеме жасаған Ушаков: «Қазір кездесу мәселесін талқылап жатырмыз. Кездесу 10 қараша күні болады» деді.

Ушаков бұдан бұрын екі басшының Вьетнамда болатын Азия Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық (APEC) аясында Сирия мен Корея түбегіндегі жағдайды қолға алуы мүмкін екенін білдірген болатын.

Осы кездесу Путин мен Трамп арасындағы екінші оңаша кездесу болмақ. Лидерлер бұдан бұрын шілде айында Германияда өткен Үлкен 20  басшылар саммитінде кездескен еді.



Ұқсас жаңалықтар