Горан қозғалысы Месуд Барзанидің отставкаға кетуін талап етті

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігінде оппозиция мәлімдеме жасады.

832270
Горан қозғалысы Месуд Барзанидің отставкаға кетуін талап етті

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігінде оппозициядағы Горан (Өзгеріс) қозғалысы басшы Месуд Барзани мен орынбасары Косрет Расулдың отставкаға кетуін талап етті.

Горан қозғалысы мәлімдемешісі Сореш Хаджи Сүлейманийедегі партия орталығындағы баспасөз жиналысында «Халқымыз қанымен қол жеткізген жетістіктерден айырылды. Пешмергенің күші әлсіреді. Көптеген дос мемлекетпен қарым-қатынасымыз бұзылды. Осылардың бәріне табыссыз билік жауапты» деді.

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшысы Месуд Барзани мен орынбасары Косрет Расулдың заңдылығын жоғалтқанын атап айтқан Хаджи «Міндеттерінен отставкаға кетулері керек. Сондай-ақ қазіргі үкімет кабинетін де жоюға тиісті. Қлттық азаттық үкіметін құрып, басшылық заңы жойылсын және қайта қаралсын» деді.



Ұқсас жаңалықтар