Филиппинде террорге қарсы операция

Террорлық ұйым басшылары өлтірілді.

827695
Филиппинде террорге қарсы операция

Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао штатына қарасты Марави қаласында ДАИШ террорлық ұйымымен қатысты қарулы топтардың басшылары өлтірілді.

Қорғаныс министрі үкімет күштерінің операциясы барысында террорлық ұйым Әбу Сеяф басшыларының бірі Иснилон Хапилонның және террорлық ұйым ДАИШ-ке қатысы бар Мауте ұйымының басшыларының бірі Өмер Хаям Маутенің өлі денелерінің табылғанын білдірді.

Министр: «Әскерлеріміз кепілге алынған 17 азаматты құтқарды.  Операциялар жалғасуда» деді.

Министр аймақта жарылғыштар мен миналардың тазаланғанын білдіріп: «Үкімет жасақтары террорист қалмағанын кепілге алғаннан кейін қақтығыстың аяқталғанын хабарлаймыз» деді.

Қаладағы қақтығыстарда бүгінге дейін 800-ден астам террорист өлтірілді. 160 әскер мен 47 азамат қаза тапты.  Қақтығыс салдарынан қала мен төңірегіндегі аудандарда өмір сүретін 400 мың адам үйлерін тастап кетті.



Ұқсас жаңалықтар